Парақор полицей жеті жылға сотталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Руслан Шакиров  сыбайлас жемқорлық  жасағаны үшін  жеті  жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық  департаментінің  мәліметінше, Руслан Шакиров жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді, «полиция майоры» арнаулы атағынан айырылып, мемлекеттік қызмет саласында  жұмыс істеу құқығынан өмір бойына қол үзді. Тергеу барысында жергілікті полиция қызметі бөлімшесі бастығының әкімшілік заңнаманы бұзушылардан жүйелі негізде ақша жинағаны дәлелденді.

Департамент басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісовтың айтуынша, Руслан Шакиров 2021 жылғы қаңтар мен 2022 жылғы наурыз аралығында тиісті құжаттарсыз жарнаманы орналастырған жеке кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны және  оған қамқорлық жасағаны  үшін пара ретінде 50 000 теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алған. Сондай-ақ экс-полицей заңсыз сауда фактісіне көз жұма қарағаны үшін кәсіпкерден пара ретінде 193 000 теңге көлемінде ақша алған.

Бұдан бөлек, ақша төлеу арқылы тәртіп сақшысының қамқорлығында болған екі адам – М.Насимов және Ж.Садуов заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін сотталды. Олар акциздік немесе есепке алу-бақылау маркаларымен таңбаланатын өнімдерді заңсыз сатып келген.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz