Ол бұл туралы Абай облысындағы өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына көңіл айтып барғанда мәлімдеді.
— Дүйсенбі күнін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым. Біз қаза тапқан азаматтарды еске аламыз. Сабыр сақтап, бекем болыңыздар. Құқық қорғау органдары мен министрліктер тарапынан болсын, барлық сала бойынша тиісті шаралар қабылданады. Қазір кеңес өткіземін. Бұл жағдайдан міндетті түрде тиісті қорытынды шығарамыз, — деді Мемлекет басшысы.
Өрт салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері қаза тапты.