Бес күннің ішінде 29 мас жүргізуші ұсталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс полицейлері жол қауіпсіздігін нығайту үшін тиісті шараларды қабылдап отырады. Мас күйінде көлік құралдарын басқару фактілері – қашанда өзекті мәселелердің бірі. Соңғы бес күннің ішінде 29 мас жүргізушіні анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Түнде полицейлер «Mitsubishi» маркілі көлікті басқарған 45 жастағы Петропавл тұрғынын тоқтатты. Ол дәмханалардың бірінде демалғаннан кейін үйіне қайтып келе жатқан. Медициналық куәландыру кезінде мас екені растады. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша материал жиналды. Ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Ал Қызылжар ауданында Асаново ауылының маңында полицейлер «Mercedes» көлігін тоқтатты. Көлікті тізгіндеген 39 жастағы ауыл тұрғыны мас күйде жолаушыларды тасымалдаған. Оның үстіне оның көлікті басқару құқығы да жоқ. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігіне сәйкес, 20 тәулікке қамауға алынды. Бұл фактілер облыста өткен «Мас жүргізуші» жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықталды.

– Әрбір осындай жауапсыздық қайғылы аяқталуы мүмкін. 5 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысында мас жүргізушілердің кінәсінен 9 жол-көлік оқиғасы болды. 4 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды. Мас күйінде көлік жүргізу фактілерімен күресу – қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі міндеттерінің бірі. Облыс жолдарында 5 күн ішінде полиция қызметкерлері 29 мас жүргізушіні тоқтатты. Сондай-ақ 1,5 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі анықталды, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz