Қызылжар ауданына қарасты Пресновка ауылында заманауи спорт алаңы салынып жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жобаны жүзеге асыруға аудандық бюджеттен 24 млн. теңге бөлінді. Заманауи спорттық жабдықтар балалардың ғана емес, ересектердің де пайдасына жарары сөзсіз. Әзірге шағын футбол алаңы, спорттық құрылғылар қойылып, аумағын ретке келтіру жұмыстары басталды. Кейін орындықтар мен шамдар орнатылмақ.
Лесной ауылдық округінің әкімі Жәнібек Мұхамадиевтің айтуынша, спорттық нысан шілде айының соңында пайдалануға беріледі.