Балық аулауға барған ер адам суға батып кетті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда 56 жастағы ер адам балық аулауға барып суға батып кетті. Бұл биылғы шомылу маусымы басталғалы тіркелген алғашқы оқиға, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға өткен аптада 7 маусым күні Петропавлдағы «Восточный берег» дәмханасының маңында болған. Балық аулауға келген ер адам сағат 13.00 шамасында суға кетті. Құтқарушылар балықшының денесін сол күні тапты, айтуларынша, қарапайым ережелерді сақтамаған, құтқару жилеті болмаған, спирттік ішімдік ішкен.

— «Восточный берег» дәмханасының жанында суға шомылуға болмайды. Осындай халық баратын орындарға ескерту белгілерін қойып шықтық, бірақ тұрғындар, демалушылар оны өздігінен алып тастайды. Бұл әрекеттен қауіп жоғалмайды. Сондай-ақ жауапкершіліктен де құтылмайды. Әкімшілік кодексте 364 бап бар, яғни бұл рұқсат етілмеген жерге суға шомылуға байланысты. Бірінші рет ескертіледі, екінші рет бір жылдың ішінде қайталаса айыппұл салынады. Көл басында спирттік ішімдік ішкендерге де жауапкершілік бар, — дейді СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Кирилл Иванников.

Былтыр, мамандардың айтуынша, бес адамның ажалы судан болды. Қаза тапқандардың 90%, сондай-ақ құтқарылған 31 адам да алкогольді мас күйде болған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz