Алматы қаласында өткен екі халықаралық байқауда «Арабеск» би ансамблі жүлдегер атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Солтүстікқазақстандық бишілер 9 бас жүлде мен 3 бірінші орынға ие болды. Жерлестерімізге Ресей мен Қырғызстаннан келген жас қатысушылар қарсылас атанды. Байқауда қазылар алқасының назарына 80 нөмір ұсынылды. Олардың ішінен «Арабеск» би тобы жеңімпаз атанды.
— Мұндай байқаулар өнерпаздарды шыңдайды. Өзге бишілердің өнерін тамашалау арқылы тәжірибе жинақтауға да болады, — дейді «Арабеск» би ансамблінің көркемдік жетекшісі Татьяна Кравченко.
Өнер додасына солтүстікқазақстандық ұжым 5 пен 8 жас аралығындағы бишілерден құралған алты топты қатыстырды. Олар барлығы 12 нөмір ұсынды. Алда «Арабеск» ансамблі Астанада өтетін халықаралық байқауға, кейін Бурабайда ұйымдастырылатын бәйгеге қатыспақшы.