СҚО-да 1 млн. 300 мың га алқапқа химиялық өңдеу жүргізілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазіргі уақытқа дейін СҚО диқандары арамшөпке, зиянкестерге және түрлі ауруларға қарсы 1 млн. 300 мың гектардан астам алқапқа химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізді. Минералды тыңайтқыштар сіңірілген жердің көлемі 1 млн. 700 мың гектардан асты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі mtrk.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл Есіл ауданындағы «Агрофирма Есильская» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шамамен 11,5 мың гектарға егін екті. Негізгі талаптарға бас мән беретін агроқұрылым жыл сайын гектарынан 20-25 центнер өнім алады. Алдағы орақ науқанында диқан бұл көрсеткіштің қайталанатынына кәміл сенеді.

– Егіс науқаны мамырдың 15-сі мен маусымның 1-і күндері аралығында өтті. Қазір алқаптарды химиялық тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Тыңайтқыштардың арқасында өнім көлемін ұлғайтуға ниеттіміз, — дейді «Агрофирма Есильская» ЖШС директоры Серік Женапинов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz