Петропавлда жезөкшелікпен айналысуға үй-жай бергені үшін массаж салонының иесіне айыппұл салынуы мүмкін

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста үш күн бойы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері адам саудасына қатысты қылмыс мәселелері туралы хабардар етуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлдағы Қазақстан Конституциясы көшесінде тәртіп сақшылары еріктілермен бірлесіп, ақпараттық парақшалар таратты. Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы ғимаратында колледж оқушыларына және жастармен жұмыс істейтін адамдарға дәрістер өткізді.

Полицейлердің айтуынша, ең біріншіден адамдар үлкен табыспен байланысты ұсыныстарға сенбеу, әсіресе шетелде, егер жұмысқа қабылдау ресми жағдайда жүргізілмесе және сізден құжаттарды беруді талап етсе, үзілді-кесілді бас тартқан дұрыс деп ескертеді.

— Іс-шара кезінде жедел жұмыстар жүргізілді. Оның нәтижесінде жеңгетайлықтың екі дерегі бойынша және бір жыныстық қанау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұдан бөлек, массаж салондарының бірінің иесіне қатысты жезөкшелікпен айналысуға бөлме бергені үшін әкімшілік материал жиналды. Оған 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін, — дейді СҚО ПД ҰҚҚКБ бастығы Жандос Басыбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz