Бүгіннен бастап Петропавлдағы Украин көшесінде көліктердің қозғалысы шектеледі. Оның негізгі себебі бұл учаскеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, маусымның 20-сы Украин көшесіндегі жолды жөндеуге байланысты Караван көшесінен Белянский көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс шектеледі. Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін бұл аумақ жабылады.
Қазір Петропавлда жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көше жабылды. Облыс орталығында Горький көшесі қайта жаңартылып, Жамбыл көшесінің учаскесі жабылып, Бөкетов көшесі қайта жөнделуде, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, Ыбырай Алтынсарин көшесі мен Набережный көшесінің жолы қалыпқа келтірілуде.