Облыста алдағы үш күнде найзағай ойнап, қатты жел соғып, жаңбырлы ауа райы болады деп күтілуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК филиалының ақпаратына сәйкес, ертең маусымның 21-і күні түнде ауа температурасы 5-10, күндіз – 13-18 градус болмақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында – жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғып, солтүстік-шығысқа қарай желдің екпіні секундына 15-20 метрді, кей жерлерде 23-28 метрді құрайды.
Ал бейсенбі күні маусымның 22-сі облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтілуде. Түнде ауа температурасы — 5-10 жылы, күндіз – 13-18 градусты көрсетпек.