СҚО әкімі қоғамдық қабылдау өткізді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров қоғамдық қабылдау өткізіп,  тұрғындарды толғандырып жүрген мәселелерді, өтініш-тілектерін тыңдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Айыртау ауданының тұрғыны Аманжол Басыбайдың айтуынша, ауданның 5 елді мекенінде жолдың сиқы кеткен. Көліктегі түгілі, жаяу жүргіншінің адымын тежейтін жолды ретке келтіру үшін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу  қажет. Бұл бес  ауылдың жолын ретке келтіретін жобаның құны – 3 млрд. теңге. Жалпы биыл аудандағы жолдарды жөндеуге облыс бюджетінен 771 млн теңге бөлініпті. Осылайша 71 шақырым жол ретке келтіріледі.

– Ендігі аптада  жаңа мердігер  жұмысты бастайды. Тиісті қаржы бөлінген. Биыл Сырымбетке дейінгі жол жөнделеді.  Ендігі жылдан бастап Светлый ауылына апарар жол ретке келтіріледі.  Бұл жөндеу жұмыстарын аудан әкімі мен тиісті басқарма бастығы бақылауда ұстайды, – деді облыс әкімі Айдарбек Сапаров.

Ал Мамлют ауданынан келген  Наталья Коровинаның айтуынша, Новомихайловка ауылының 200 шақырым жолын  жөндеу қажет. Тұрғындар көктем мен күз мезгілінде жолдың азабын көріп, қиналып жүр. Елді мекендерде кәсібін дөңгелетіп отырған  кәсіпкерлер  мұндай мәселелерде көмек көрсетулері тиіс екенін атап өткен  өңір басшысы  Новомихайловка ауылының  жолына қатысты ауданның бюджеттік өтінімі қабылданып, қарастырылатынын айтты.

Дәл осындай мәселе Аққайың ауданының тұрғыны Павел Мельниковты да толғандырып отыр.   Трудовое ауылының көшелеріне қиыршық тас төсеуді сұрап келген ер адамның мәселесін  тыңдаған өңір басшысы алдағы күндері бұл өтініші орындалатынын айтты. Ал облыс орталығының тұрғыны  Павел Клямердің айтуынша,   Солнечный шағынауданындағы  жолдың сапасы сын көтермейді. Шағынаудандағы 4 шақырым жолды және   жылыту жүйесін жөндеу қажет.

– Сараптамадан өткізіп, конкурс жариялаймыз. Жоба 2 жылдық болмақ. Осы уақыт аралығында жөндеу жұмыстары толығымен аяқталуы тиіс. Жұмыстың уақтылы аяқталуы мердігерге байланысты. Егер мердігер жауапты болса, жұмыстың жартысы осы жылы аяқталады, – деді облыс әкімі Айдарбек Сапаров.

Аталған мәселеге қатысты Петропавл қаласының әкімі Руслан Аңбаев биыл облыс орталығында жылу желілерінің 9,2 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілетінін атап өтті. Осылайша Солнечный шағынауданының да мәселесі шешімін таппақ. Облыс әкімі қоғамдық қабылдауда көтерілген барлық мәселелерді өз бақылауында ұстайтынын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz