— Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі болып тағайындалды, — деп хабарлады Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметі.
Еңбек жолын 2002 жылы жеке ұйымда бас маман болып бастаған. 2004-2012 жылдары мұнай-газ саласында басшылық қызметтерде жұмыс істеді. 2012-2016 жылдары KMG International (Rompetrol) компаниясында бас менеджер, сауда жөніндегі аға басқарушы директор болып жұмыс істеді. 2016-2022 жылдар аралығында коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.
2022 жылдың шілдесінен қазіргі уақытқа дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өнімдерінің маркетингі департаментінің басшысы қызметін атқарды.