Осы аптада облыста сынап бағанасы түнде +2 +7 градусты көрсетпек. Ал жұма күні кей жерлерде ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендемек, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК филиалының ақпараты бойынша, бүгін түнде облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, күндіз – облыстың көп бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілуде. Солтүстікте, батыста, шығыста – найзағай, бұршақ, дауыл болуы ықтимал. Батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20, кей жерлерде 23-28 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +4 +9, күндіз +13 +18 градусты көрсетеді.
Маусымның 22-сі күні облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ жаумақ. Солтүстік-батыста батыстан соққан желдің екпіні секундына 9-14 метр, облыстың солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде сынап бағанасы 2-7 градусқа дейін төмендейді, күндіз – 10-15, облыстың оңтүстігінде 18 градус жылулықты көрсетпек.
Дәл осындай ауа температурасы маусым айының 23-і күні де күтілуде. Түнде топырақ бетінде 2 градус аяз болуы мүмкін. Аймақтың оңтүстігі мен батысында күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады деп болжануда. Желдің екпіні секундына 9-14 метрге дейін жетеді.