Жыл басынан бері СҚО-да 153 ірі қарада бруцеллез ауруы анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста эпизоотиялық жағдай тұрақты. Жануарлар мен құстардың жаппай ауру жұқтыру және өлу фактілері тіркелген жоқ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, биыл 153 ірі қарада бруцеллез ауруы анықталып, зертханалық талдаулардың нәтижесі бойынша барлығы да расталды. Жұқпалы кесел тіркелген елді мекендерде уақытылы шектеу шаралары енгізілді.

– Жыл басынан бері бруцеллезге 153 ірі қара шалдықты. Мал санитарлық союға жіберілді. Ал өткен жылы 5 айдың ішінде 650 баста қауіпті кесел анықталды. Уақытылы жүргізілген ветеринарлық-профилактикалық емдеу шаралары өз жемісін берді деуге болады, – дейді СҚО ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Олжас Болыспаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz