СҚО әкімі: «Биыл егін бітік шығып, қамбаға мол өнім түсетініне сенеміз»

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл облыс диқандары жақсы өнім алуға үмітті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңір басшысы Айдарбек Сапаровтың айтуынша, бүгінгі таңда облыс аграрийлері көктемгі егіс науқанын аяқтап, себілген алқаптарды тыңайтқыштармен өңдеуде.

– Болжам – күрделі мәселе. Бүгінгі таңда біз егіс науқанын оңтайлы уақытта өткіздік. Диқандар жоғары сапалы тұқымдарды қолданды, жанар-жағармай материалдарын, минералды тыңайтқыштарды уақытында алды. Барлық аудандарда жауын-шашын болды. Менің ойымша, өнім өткен жылдан кем болмайды, — деді Айдарбек Сапаров.

Биыл жалпы егіс алқабы 4,5 млн. гектарды құрап, жерді мемлекеттік меншікке қайтару есебінен 90 мың гектарға ұлғайтылды. Облыс әкімінің айтуынша, бұл елдегі ең жоғары көрсеткіш. Қарақұмықтың егістік алқаптары 3 есе, көкөніс алқабы 2 есеге өсті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz