Улы химикаттар төгілген жердің топырағы тексеріліп жатыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Шал ақын ауданында мамыр айының соңында улы химикаттар жерге төгіліп, сол маңдағы желекке зақым келді. Өңір басшысы Айдарбек Сапаров бұл мәселені назарда ұстап отырғанын мәлімдеді. Тексеріс біткеннен кейін кінәлілер жауап бермек, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 

Маусым айының басында әлеуметтік желіде Шал ақын ауданында 180 тоннадан астам аммиактың орман маңына төгілгендігі туралы ақпарат тарады. Бейнежазбадан ағаш жапырақтарының сарғайып кеткенін көруге болады. Тұрғындар «улы зат ауа арқылы тарап, уланып қалмаймыз ба?» деп алаңдаушылық білдірді.

Осы жағдайға байланысты СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы түсінік беріп, оқиғаның Афанасьев ауылдық округіндегі Сергеев орман шаруашылығы маңында болғанын айтты. «Asyl Farm» ЖШС улы химикаттарды төгіп алған.

СҚО әкімі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, бұл жағдай бақылауда, қазіргі уақытта топырақтың құрамы талданып жатыр.

— Кәсіпорын минералды тыңайтқыштарды тасымалдауға ескі ыдыстарды пайдаланған. Қазіргі уақытта «Asyl Farm» ЖШС қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп жатыр. Экологтер оқиға орнына барды. Заңбұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік шара қолданылады және кәсіпорын олқылықтардың орнын жоюы тиіс болады. Қандай жағдайда жауапкершілікке тартылады, бұл мәселе бақылауда, — деді Айдарбек Сапаров.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz