СҚО-да 7,5 мың шетелдік автомобиль заңдастырылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында шетелдік есепте тұрған көліктерді заңдастыруға рұқсат берілгелі 7495 автокөлік заңдастырылды, оның 88-і – «конструктор», деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әкімшілік полициясының қызметкерлері белгіленген мерзім аяқталар алдында ҚР Үкіметінің шетелдік есепте тұрған көлік құралдарын заңдастыруға қатысты шешімін түсіндіру үшін автокөлік жүргізушілерімен кездесті.

1 шілде күні Қазақстан Республикасына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автомобильдерді заңдастыру мерзімі аяқталады.

ҚР Үкіметі осындай автомобильдерді 5 жыл мерзімге уақытша есепке алуға рұқсат берді.

Осы аралықта көлік иесі заңдастыру шарттары бойынша мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс немесе көлікті елден шығаруы тиіс.

Бірақ, міндетті талап — 2023 жылғы 1 шілдеге дейін заңдастыруға өтінім беру.

— Жиналғандар күрделі мәселелерді көтерді, мәселен, егер басқа мемлекеттің аумағында көлік құралына шектеу қойылса, қалай әрекет ету керек деген сияқты. Қызметкерлер рәсімнен өту тәртібін егжей-тегжейлі түсіндіріп жатыр. Тағы да атап өтеміз: ең бастысы — 1 шілдеге дейін өтініш беруге үлгеру қажет. Заңдастыруға қатысты барлық мәселе бойынша процессинг орталығының қызметкерлерінен 8 (7152) 32-00-22, 32-00-19 телефондары бойынша немесе Петропавл қ., М.Әуезов көшесі, 157, 5 кабинеттен ақпарат алуға болады, — дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Полицейлердің айтуынша, бүгінгі таңда облыста 7495 шетелдік автокөлік заңдастырылған, оның ішінде 88-і – «конструктор», яғни олар елімізге қосалқы бөлшек түрінде әкелінген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz