Президент атынан БАҚ қызметкерлеріне пәтер сертификаттары табысталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бүгін БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында еліміздің жетекші мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек етіп жүрген журналистер мен басқа да қызметкерлерге пәтер сертификаттары салтанатты түрде табыс етілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Qazaqstan» РТРК» АҚ, «Хабар» агенттігі» АҚ, ҚР Президентінің Телерадиокешені, «Qazcontent» АҚ және «Қазақ газеттері» ЖШС қызметкерлеріне пәтер кілтін Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай тапсырды. Ол әріптестерін мерекемен құттықтай отырып, олардың отандық журналистиканы дамытуға елеулі үлес қосып жүргенін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесіне айрықша көңіл бөлетінін айтты. Сондықтан Президент еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін қолдау жөнінде шешім қабылдағанын жеткізді.

Сонымен қатар БАҚ қызметкерлерін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, «Дара» қорының басшысы Әсел Шілдебаева және «Халық» қайырымдылық қорының директоры Сағынбек Шүнкеев құттықтады.

Пәтер сертификатына ие болған БАҚ саласының 65 қызметкері елордада жаңадан бой көтерген зәулім үйлердің біріне жуырда қоныстанады

Масс-медиа мамандарының айрықша еңбегін айшықтайтын шара «Дара» президенттік бастамалар қорының және «Халық» қайырымдылық қорының демеушілігімен ұйымдастырылды.

2022 жылы құрылған «Дара» президенттік бастамалар қорының қызметі Қазақстанда креативті секторды дамытуға, азаматтардың шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін қолайлы жағдай жасауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz