Маусымның 28-і күні таңғы сағат 7:00-де өңіріміздің барлық мешіттерінде Айт намазы оқылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі әлеуметтік желідегі парақшада ақпарат таратты.
— Мұсылман қауымның қасиетті мерекесіне орай облыс тұрғындары маусымның 28-і, 29-ы және 30-ы күндері құрбандыққа мал шала алады.
Қызылжар қаласы Садовод базарына жақын Косманавт көшесі №2 жер учаскесінде (заңды нөмірі №79) құрбан малын шалуға арналған орын белгіленді. Санитарлық және экологиялық талапқа сәйкес дайындалған орында барлық жағдай жасалған. Аталған орында жеке адамдардың мал сатуларына да рұқсат етіледі.
Сонымен қатар, «QURBAN -2023» сайтына кіріп СҚО-ы Петропавл қаласын немесе аудандарды таңдау арқылы онлайн өтініш беруге болады, — делінген баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.