Ғ.Мүсірепов ауданындағы полицияның әкімшілік ғимараты аумағында 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, табылған ер адамның мүрдесінде зорлық-зомбылықтың белгілері жоқ.
— Бейнебақылау камералары арқылы ер адамның аудандық полиция бөлімінің №2 әкімшілік ғимаратына қарай беттегені көрінді. Содан кейін ол ғимараттың аумағына кірді, — дейді баспасөз қызметіндегілер.
Полицияның әкімшілік ғимараты негізгі аудандық бөлімнен 100 метр қашықтықта орналасқан.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қызметтер тексеру тағайындалды.