Энергетика министрі солтүстік өңірге газ тарту жобасы жайында түсінік берді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев солтүстік өңірге газ тарту керектігі туралы айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Үкімет басымдық беріп отырған жұмыстардың бірі — елдің солтүстік және шығыс аймақтарын газдандыру. Орталық және солтүстік өңірлерге газ тарту мақсатында 2019 жылы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» құбырынан газ алатын «Сарыарқа» құбырының бірінші кезеңі іске асырылды.

2022 жылғы маусымда «АстанаГаз ҚМГ» акционерлік қоғамы «Сарыарқа» құбырының 2 және 3-кезеңінің құрылысы бойынша техникалық экономикалық құжатты әзірледі. Оның аясында құны 188,5 млрд теңге болатын Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына газ тарту жобасы ескерілген. Алайда, былтырғы жылу беру маусымында газды ішкі тұтынудың күрт артуын ескере отырып, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» 106 пайызға жүктелді, яғни жобалық мүмкіндіктен тыс жұмыс істеді, — деді А. Сәтқалиев Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу кезінде.

Оның айтуынша, QazaqGaz «Бейнеу-Бозой-Шымкент» бағытында екінші желіні жобалау бойынша жұмысты бастады. Оның аяқталу мерзімі осы жылдың соңына дейін белгіленді. Жобаны 2027 жылдың соңына дейін іске асыру жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz