Маусымның 22-сі мен 29-ы күндері аралығында облыста «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Осы уақыт ішінде жол қозғалысы ережелерінің 2783 бұзушылығы анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыста жылдамдықты асырудың 355 фактісі тіркелді, оның басым бөлігі — қала сыртындағы жолдарда орын алды. Полицейлер жылдамдық режімін асыру жол-көлік оқиғаларын күрт арттыратынын еске салады. Бес ай ішінде өңірде орын алған түрлі жол апаттарында 10 адам қаза тапты, оның 5-і республикалық маңызы бар жолдарда тіркелді.
– Демалыс кезінде қала сыртындағы жолдарда көлік ағыны әдеттегідей арта түседі. Жоғары қырағылық танытуды, жол қозғалысы ережелерінің талаптарын қатаң орындауды сұраймыз, — дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын