СҚО полицейлері жыл басынан бері Ресейде сотталуы тиіс екі күдіктіні ұстады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері жыл басынан бері Ресейде сотталуы тиіс екі күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Көрші елдердің полицейлері шекаралас және мемлекетаралық ынтымақтастық аясында тығыз өзара іс-қимыл жүргізіп келеді. Әсіресе, тәртіп сақшылары қылмыскерлерді іздестіру бойынша жедел ақпарат алмасуда.

Жыл басынан бері солтүстікқзақстандық полиция қызметкерлері көршілес елдердің сұрауы бойынша қылмыс жасауда күдікті 20 адамды анықтады. Негізінен, ресейлік әріптестермен ынтымақтастық жүргізілуде. Кезекті жүргізілген жұмыстардың бірінде Армения аумағында алаяқтық жасауға қатысы бар күдікті анықталды. Айта кету қажет, алаяқтық деректері ұрлық, жол-көлік оқиғаларымен бірге көрші елдердің сақшылары жіберетін сұрауларға жиі негіз болады.

– Бұдан бөлек, күзетпен қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасы таңдалған тағы екі адам ұсталды. Олардың біреуі Өзбекстанға экстрадицияланды. Ол қарақшылық жасағаны үшін іздеуде болған. Екінші адамды сот үкімі күтіп тұр, ол Ресей Федерациясының Омбы облысында алаяқтық жасады деген күдікпен іздестірілген. Сондай-ақ ресейлік әріптестермен бірлесіп жүргізген жұмыстар нәтижесінде Ханты-Мансийск автономды округінің және Санкт-Петербург қаласының аумағында 59 және 49 жастағы СҚО тұрғындары ұсталды. Біріншісін денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін Мағжан Жұмабаев ауданының полицейлері, екіншісін ауыр ұрлық жасағаны үшін Петропавл полицейлері іздестірген.  Мемлекеттердің ішкі істер органдарының тығыз қарым-қатынасы полиция жұмысының тиімділігін арттырады және жасалған қылмыстар үшін жазадан бұлтартпау қағидатын іске асыруға ықпал етеді, – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz