Емхананың бас дәрігеріне сөгіс жариялады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров Петропавлдағы № 1 қалалық емханаға ескертусіз барды. Мекеме пациенттері әлеуметтік желілерде мұндағы кезекке жиі шағымданатын, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Емхана басшылығы орнында болған жоқ. Аймақ басшысын пациенттер тіркеу бөлімінде қарсы алды. Олар талон алу үшін кезекке тұруға таңғы сағат алтыда емханаға келуге мәжбүр екендерін айтып, тым болмағанда, күзде және қыста, қолайсыз ауа-райында, оларды ғимараттың фойесінде күтуге кіргізсе деген өкпе-наздарын жеткізді. Дәліздерде орындықтар жетіспейді, егде жастағы науқастар кезекті аяқтан тік тұрып күту оларға оңай емес екендігін жеткізіп, шағымданды.

«Damumed» қосымшасын пайдалану кезінде де қиындықтар туындауда. Науқастардың бірі терапевттен жолдама алса да, бейінді маманға жазыла алмаған.

Облыс әкімі сағат 8:30-да невропатологқа қабылдауға неліктен талон жоқ екенін сұрады. Ол 9:00-ден 11:15-ке дейін ғана қабылдайтыны белгілі болды. Бар-жоғы 10 талон беріледі. Қала тұрғындары отолиринголог пен эндокринологқа да кіре алмай жүр. Анықтай келе, емханада энокринолог маман мүлдем жоқ екені белгілі болды. Медициналық мекемеде 13 маман тапшы. Оның ішінде үш терапевт, эндокринолог, онколог, сәулелік диагностика дәрігері, үш рентгенолог, төрт жалпы тәжірибелік дәрігер жетіспейді.

            «Емхана басшысы жұмыс күнін осы жерден бастауы керек. Неліктен ол таңертең денсаулық сақтау басқармасына барады? Егер маман толық уақыт қабылдайтын болса, онда кезектер болмас еді және адамдар емхана ашылғанға дейін бірнеше сағат бұрын кезек алуға мәжбүр болмайды. Мұнда екі сағаттық қабылдаудан кейін дәрігер жеке клиникаға кететіндіктен проблемалар туындайды. Егер осы емханаға келетін халықтың саны көп болса, онда жұмысты үйлестіру керек, басқа емханалардан дәрігерлерді жіберу керек», — деді А.Сапаров.

Облыс әкімі емхананың барлық қабатын аралады. Дәліздердің жай-күйіне, кабинеттердің есіктерінде қарапайым тақтайшалардың болмауына, буфеттегі санитарлық жағдайға көңілі толмады.

Емханаға кіреберісте де бірқатар мәселелер бар. Баспалдақ жөндеуді қажет етеді. Науқастар мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған тар жолдан өтуге мәжбүр.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Күсемісовтің ақталу әрекеттерін аймақ басшысы тыңдамады. Осы уақытта №1 қалалық емхананың директоры Николай Новиков келді. Оның айтуынша, ғимарат өткен жылдан бері жөндеу жұмыстарын жүргізбеген мердігерлердің кесірінен осындай күйге ұшыраған. Н. Новиков кезектерді емхана контингентінің ерекшеліктерімен түсіндірді. Егде жастағы адамдар цифрлық технологияларды пайдаланбайды және ескі әдіспен тіркеуге таңертең ерте келеді.

«Сіз мұнда бәріне жауаптысыз. Кем дегенде  сағат  17:00-ге дейін дәрігерлер қабылдауы керек. Адамдар жазыла алмайды. Денсаулық сақтау басқармасына емханада тексеру жүргізуді тапсырамын. Шаралар қабылдаңыз, тәртіп орнатыңыз. Тезірек шешім қабылдау керек. Неліктен пациенттер азап шегуі тиіс? Мен бас дәрігерге қатаң сөгіс жариялаймын. Тәртіпті қалпына келтіру үшін 10 күн, кіреберістегі баспалдақтарды жөндеу үшін 3 күн уақыт беремін. Өзім келіп  тексеремін», — деді А. Сапаров.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz