Солтүстік Қазақстан облысында Үлкен Таранғұл көлінде 30 жастағы ер адам мерт бола жаздады. Оны құтқарушы Вячеслав Яковлев өмірге қайтарды деуге болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға демалыс күндері болған. Жастар тобы көл жағасында демалып, суға шомылған. Біраз уақыттан кейін олардың бірі көзден ғайып болды. Достары оның артынан тоғанға сүңгіп, тіршілік белгісі жоқ ер адамды тапты. Олар жедел жәрдем шақырып, өздері алғашқы көмек жасамақ болған. Дәл осы уақытта оқиға орнына құтқарушы Вячеслав Яковлев келеді.
Құтқарушы зардап шегушіге жасанды тыныс алғызған. Дәрігерлер келген кезде ер адам өздігінен дем алып жатқан және ауруханаға жатқызуды қажет етпеген.
Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы В. Яковлев теңіз авиациясында қызмет етті. Құтқару қызметінде – 23 жыл. Барлық уақытта дерлік үлкен Таранғұл көлінде құтқарушы болып жұмыс істейді. Өз міндеттерін үлгілі орындағаны үшін бірнеше рет ҚР ТЖМ алғыс хаттарымен, грамоталарымен және ведомстволық наградаларымен марапатталған.