Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева мексикалық Виктория Родригеспен дуэтте Штутгарт қаласында (Германия) жұптық сында ITF турнирін сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
1/8 финалда Құламбаева мен Родригес румыниялық Стефано Лазар және Симона Огескумен кездесіп, оларға еш мүмкіндік қалдырған жоқ. Есеп – 6:2, 6:1. Ширек финалда Құламбаева мен Родригес француз Манон Леонард пен Румынияның тағы бір өкілі Арина Габриэла Василескумен кездеседі.
Бұған дейін Жібек Құламбаева (WTA рейтингінде 435-орын) Штутгарттағы турнирде жекелей сында өнер көрсеткенімен, швейцариялық Надин Келлерге (423-орын) екі сетте 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалған болатын.