Мереке күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Синоптиктер демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, соған байланысты найзағай ойнап, екпінді жел соғады.

Ауа райы болжамына сәйкес, 6-7 шілдеде қатты жаңбыр жауады.

— Орталықта, оңтүстік-шығыста, 6-8 шілдеде Қазақстанның солтүстігінде, шығысында күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Тек еліміздің батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде, — дейді синоптиктер.

Сондай-ақ ауа температурасының күндіз батыста және оңтүстікте +33 +42°С-қа дейін біртіндеп көтерілуі күтілуде.

— Республиканың қалған бөлігінде ауа температурасының аздап төмендеуі, солтүстік-батыста және орталықта +22 +35°С, солтүстікте +23 +30°С, шығыс пен оңтүстік-шығыста +20+30°С дейін күтілуде, — деді «Қазгидромет» РМК.

Елорда күні қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында 6, 7, 8 және 9 шілдеде демалады. Алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері 6, 7 және 9 шілдеге келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz