Арман Жүдебаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Арман Жүдебаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арман Әділханұлы Жүдебаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды», — делінген хабарламада.

Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тамамдаған.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2006 жылы «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РМҚК-да аспаптар оркестрінің әртісі болып бастаған.

2009-2011 ж.ж. — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ дирижерлеу кафедрасында оқытушы.

2011-2013 ж.ж. — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ оқытушысы, аға оқытушысы.

2013-2018 ж.ж. — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ бас дирижері.

2018 жылдан осы уақытқа дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болды.

2023 жылдың мамырынан ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz