Уимблдон-2023: Елена Рыбакина ширек финалға мерзімінен бұрын шықты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Лондондағы жасыл желекті корттарда өтіп жатқан Уимблдонның ширек финалына еш қиналыссыз өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Төртінші айналымда Рыбакина бразилиялық Беатрис Хаддад-Майямен кездесті.

Ойын 4: 1 есебімен бірінші сетте отандасымыздың пайдасына шешілді. Бразилиялық теннисші жарақат алып тайм-аут алды. Қайта ойынды жалғастырғанымен ол көпке бара алмады. Ол көзіне жас ала отырып, ойынды жалғастырудан бас тартты.

Рыбакина ширек финалда Онс Жабер (Тунис) мен Петра Квитова (Чехия)  кездесуінің жеңімпазымен ойнайтын болады. 2023 жылғы Уимблдон аясындағы әйелдер турнирі 15 шілдеде аяқталады.

Қазақстандық теннисші өткен жылғы турнирдің чемпионы болып табылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz