Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде шалғынды көбелектің таралуы байқалады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде шалғынды көбелектің таралуы байқалады. Мәселе облыстық әкімдікте өткен аппараттық кеңесте талқыланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы филиалының басшысы Қабиден Сәдуақасов 23 маусымда Айыртау, Есіл, М.Жұмабаев, Қызылжар, Мамлют аудандарында бидай және күнбағыс  егістіктерінде шалғынды көбелектер тарала бастағанын хабарлады. Жапырақ бетінің зақымдану дәрежесі бірден орташа дәрежеге дейін байқалды.

Агроөнеркәсіптік кешендегі облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Бүркіталиннің айтуынша, 5 шілдеде Қызылжар ауданындағы елді мекендерге комиссиялық іс-сапарға шыққан. Тұрғындарға шабындық көбелектен аумақтарды өз бетінше өңдеу бойынша ұсыныстар берілді. Агроқұрылымдар ауылдардың айналасында орналасқан егістіктерді өңдеді.

«Елді мекендердің аумағын шабындық көбелекке қарсы өңдеу жұмыстары анықталуына қарай жалғастырылатын болады. Туындаған жағдайға  аудан әкімдеріне бүріккіштер, респираторлар, арнайы киім сатып алу қажет. Бақша учаскелеріндегі арамшөптерді жою керек, өйткені көбелектер ең алдымен арамшөптерге жұмыртқа салады. Жол жиектеріндегі, қоршаулар мен жылыжайлар бойындағы учаскелердегі шөптерді шабу қажет, бұл шабындық көбелектің санын екі есеге азайтуға көмектеседі», — деп қосты Н. Бүркіталин.

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров жауапты мемлекеттік органдар кеш әрекет етті деп есептейді.

«Қазір ұсынып, кеңес беріп отырсыздар. Неліктен адамдар шағымдана бастағанға дейін әрекет етпедіңіздер? Менің тапсырмамнан кейін ғана шықтыңыздар. Мұнымен аудан әкімі мен ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы бірлесе айналысу керек. Алдын ала барып, халыққа түсіндіру керек еді», — деді А.Сапаров.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz