«Жезқазған-Петропавл» тас жолы жөнделіп жатыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биылғы жол құрылысы маусымында жолшылар А-16 «Жезқазған-Петропавл» күре жолының бірқатар учаскесін жөндеуге кірісті. Жөндеу жұмыстары Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарының аумағында жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Күре жолдың Уәлиханов ауылынан Державинск қаласына дейінгі, Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі, Сергеевка ауылынан Николаевка ауылына дейінгі, Ұлытау аудан орталығынан Арқалық қаласына қарай апаратын жол бөліктерін толық жөндеу көзделген.

Жөндеу жұмыстарымен қамтылған учаскелердің жалпы ұзындығы 150 шақырымды құрайды. Жұмысқа бес мердігер ұйым жұмылдырылды. Жөндеу жұмыстары бекітілген жоспарға сай жүзеге асуда.

Мәселен, Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі жол аралығында жұмыстар аяқталуға жақын (Қостанай өңірі бойынша).

Жөндеу жұмыстары аясында мамандар жаңа асфальтбетон жабынын төсеп, жол жиегін нығайтады. Жолшылар қайта өңдеу әдісін қолдануда. 100-ге жуық арнайы техника мен 130-ға жуық маман жұмылдырылды.

«Жезқазған-Петропавл» тас жолы 1960 жылдары салынған. Содан бері ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілмеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz