Кәсіпкерлермен кездесті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров өңірдің бизнес-қауымдастығы өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Аймақ басшысы мемлекет тарапынан бизнеске барынша қолдау барын, оның ішінде жеңілдетілген несиелендіру мен гранттар түрінде қаржылық қолдау көрсетіліп жатқанын баса айтты.

«Біз өңірдің кәсіпкерлік әлеуетін одан әрі дамыту мәселелерін және бар проблемаларды талқылау үшін жиналдық. Менің орынбасарларым, бөлім басшылары да осында. Барлық сұрақтарға жауап беруге тырысамыз. Бизнес дамуы керек. Біз облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірге қолдау көрсетіп, көмектесуге дайынбыз», — деді А.Сапаров.

Проблемалық мәселелердің бірін орман пайдаланушылар көтерді. Олар жер телімдерін жалға беру мерзімін қайта қарауды сұрап отыр.

«Заңнамаға сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман қоры 10 жылдан 49 жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді қолданысқа беріледі. Конкурстарды өткізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді. 2018 жылы облысымызда орман пайдалануды жалға берудің ең төменгі мерзімі белгіленді. Облыстың орман пайдаланушылары 10 жыл мерзімге шарт жасаса, басқа өңірлерде жалға беру мерзімі 49 жылды құрайды. Қолданыстағы жалдау шарттарына 49 жыл мерзімге қосымша келісім жасау мүмкіндігін қарастыруыңызды сұраймыз», — деп ұсыныс жасады Евгений Золотарев.

Облыс әкімі өңірдегі орман алқаптары 500 мың гектардан асқанымен, 28 мың гектарға азайғанын атап өтті.

«Ойлану керек. Ағаш кесумен айналысамыз, бірақ отырғызбаймыз. Кейбіреулер бір ағаштың орнына екі көшет отырғызса, ал кейбіреулері мұны мүлдем істемейді, ақшасын ғана төлейді. Қайта өңдеу деген жоқ. Бір кәсіпорын фанера, ДСП жасаумен айналысады. Басқалары тек көмірмен айналысады. Бәріміз ойлануымыз керек, мәслихат сессиясында қарастыру керек, бәлкім бір көшеттің орнына бес көшет отырғызу керек шығар. Табиғатымызды сақтауға атсалысайық. Ардагерлер ормандарды кесу мәселесін көтерді. Табиғи ресурстар басқармасының басшысына ормандарды көбейту жоспарын әзірлеуді, сонымен бірге өңдеушілерге қолдау көрсетуді тапсырдым», — деді аймақ басшысы.

А.Сапаров орман учаскелерін жалға беру мерзімін ұзарту мәселесін жан-жақты зерделеуді тапсырды. Бірақ алдымен қанша учаске берілді, оларда орман пайдаланушылар қалай жұмыс істейді, олар орманды молықтырумен айналысады ма және қанша көшет отырғызатынын талдау керек.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz