БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫН ЖЫМҚЫРҒАН

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында Жамбыл ауданындағы су тарату жүйесін салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Брифингте облыс прокурорының бірінші орынбасары Әбу-Әли Саттар қоғамдық мүддені қорғау саласында жалпы сомасы 30 миллион теңгені құрайтын бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша екі сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын айтты.

«Алдын ала болжам бойынша, Жамбыл ауданында Преснов топтық су құбырынан Ұзынкөл және Айымжан ауылдарына тартылған тармақтың құрылысы кезінде мемлекеттік сатып алу келісім-шарттары бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде 6,1 млн теңге ұрланған. Нысан жұмысын бастамады, су берілмейді. Қылмыстық іс арнайы прокурорлардың қарауында. Сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде», – деді прокурордың орынбасары.

Оның айтуынша, облыста сумен қамту саласында белгілі бір мәселелер бар. Мысалы, л Тимирязев ауданында сумен жабдықтаушы компания тарифті көтерген. Су бағасын 56,3 теңгеден 88,4 теңгене дейін көтерген. Қадағалау органының ұсынысы бойынша серіктестікке 584 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Қазір ьұтынушылардың шығынын өтеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мәселе облыстық прокуратураның бақылауында.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz