С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының «Сенситив» би театры Испанияның Льорет-де-Мар қаласында өткен халықаралық «SEA SUN FESTIVAL» фестиваліне қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Байқауды eуропалық фестиваль ұйымдастыру комитеті – FIESTALONIA MILENIO өткізді. Фестиваль-байқауда 10 елден – Өзбекстан, Украина, Греция, Испания, Чили, Қытай, Кипр, Дубай, Индонезия, Қазақстаннан барған 200-ден астам қатысушы бақтарын сынады.
«Сенситив» би театры жеке, дуэт, заманауи хореография, спорттық бал биі аталымдары бойынша алты хореографиялық қойылым ұсынды.
Фестиваль-байқауға топтың 8 солисі қатысып, «Соло» аталымы бойынша Даниял Қанғожин «Спойлер» қойылымымен бірінші орынды жеңіп алды.
«Дуэт» аталымында Милена Новикова мен Даниял Қанғожин бірінші дәрежелі лауреат атанды. Би ұжымы «Спорттық бал биі» аталымында бірінші дәрежелі, заманауи хореография бойынша Гран-при иегері.