Солтүстік Қазақстан облысында өткен сәрсенбіде ауа температурасы 40 градустан жоғары көтерілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК филиалы директорының орынбасары Наталья Левинаның айтуынша, ауа температурасының 40 градус және одан жоғары болуы табиғи гидрологиялық құбылыстарға жатқызылады. Бұл өте сирек кездеседі.
12 шілдеде Тимирязево, Тайынша, Рузаевка және Булаевода автоматты метеостанциялар 40-тан 40,8 градусқа дейін ыстықты тіркеді. Тайынша ауданының Чкалово қаласында ауа температурасы 41,4 градусқа дейін көтерілді.
Петропавлда ауа 40 градусқа дейін ысыды.
Бұған дейін синоптиктер аудандағы топырақтың кей жерлерде 60 градусқа дейін қызғанын хабарлаған болатын.
«Қазгидромет» филиалының болжамына сәйкес, алдағы тәулікте өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.