Полиция басшылығы – тікелей эфирде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазақстанда шектеулер қойылған автокөлікті заңдастыруға бола ма? Ресей Федерациясынан келген жақын адамың қанша уақытқа қонаққа келе алады? Осы және өзге де сұрақтарды Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары «Жолда қабылдау» акциясы барысында полицейлерге жолдауда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Эфир 14 және 15 шілдеде өткізіледі. Құқық қорғау органдары адамдармен әлеуметтік желілердің тікелей эфирінде, халықпен жиындарда байланысады.

Тікелей эфирде бірінші болып облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов сөз сөйледі. Оған шетелдік есепте автокөліктерді заңдастыру туралы көптеген сұрақтар түсті. Пайдаланушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, полиция подполковнигі Әлжанов мотоциклдер мен тіркемелерді рәсімдеу жалпы негізде жүзеге асырылатынын, ал уақытша тіркеудегі көлікті Ресей Федерациясына қайтарып, сатуға болатындығын түсіндірді. Пайдаланушылардың бірі уақытша нөмірлері бар автокөлікке қазақстандық сот шектеулер қойса, не істеу керектігін сұрады. Серік Әлжанов жағдайды жеке қарастыру үшін автокөлік иесін жеке қабылдауына шақырды.

Келесі эфирде жергілікті полиция қызметі мен көші-қон қызметі басқармаларының басшылары сөз сөйледі. Полиция полковнигі Талғат Әбілов жазғы уақытта шетелдіктердің келуі туралы көптеген сұрақтар келіп түсетінін атап өтті. Осы жылдың қаңтар айынан бастап визасыз және уақытша тұруға рұқсаты жоқ шетелдіктер болу мерзімі өткеннен кейін ҚР-на 90 күннен ерте қайта кіре алмайды. Полиция полковнигі Айдын Байматовқа жол қауіпсіздігі және учаскелік инспекторлардың қызметі бойынша сұрақтар қойылды. Ол отбасылық өмір саласындағы заңнамадағы өзгерістер туралы айтты: жанжалдар үшін жауапкершілікті күшейту, қазір тұрмыстық зорлық — зомбылық жағдайлары жәбірленушілердің мәлімдемесінсіз — анықтау фактісі бойынша тіркелетіндігін тілге тиек етті.

Облыс бойынша жарты күн ішінде полицейлер 120-ға жуық сұраққа жауап берді. Халықпен диалогты көші-қон, әкімшілік және жергілікті полиция қызметінің басшылары мен тәжірибелі қызметкерлері жүргізеді. СҚО ПД бастығының м.а. полиция полковнигі Қанат Айтбаев атап өткендей, «Жолда қабылдау» республикалық акциясы халыққа құқықтық көмек көрсету, адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту мақсатында өткізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz