Тұрғындардың шағымына жауап берді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«ҚазАқпарат» редакциясына Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы орталығының тұрғындары үйлерінде су жоқтығын айтып шағымданған. Бұл жағдайға қатысты Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжанов түсініктеме берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тайынша тұрғындарының айтуынша, бұрын жасалған кесте бойынша да су ала алмай отыр.

«Жыл сайын жазда адамдар бақшаларын суармауы үшін суды өшіреді, өйткені су тапшы. Бұл ретте халық «Биохим» деп атаған алып кешен күніне бірнеше миллион текше метр суды тұтынады, кейін ол далаға ағып кетеді. Жуыну, кір жуу мүмкін емес. Бастапқыда олар күніне бірнеше сағат бойы суды қосу керек болатын кестені ұсынды, соның өзінде олар кестені ұстанбады, су жоқ», — деп жазды тұрғындар.

Аудан әкімі Б.Әлжанов Тайыншыға су тарту Булаев топтық су құбырынан жүргізіліп жатқанын түсіндірді. Күніне шамамен 1700 текше метр су беріледі. Операторы – «ТайыншаКоммунСервис» ЖШС.

«Ауа райының ыстық болуына байланысты жеке тұлғалардың суды техникалық қажеттіліктерге, шаруашылық учаскелерін суаруға тұтынуы арта түседі. Күнделікті тұтыну 1000-нан 1800 текше метрге дейін артады. Топтық су құбырынан берілетін су көлемі халықты үздіксіз қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Сондықтан суды кесте бойынша беруге мәжбүрміз. Сонымен қатар, белгілі сағаттарда көп су алу кезінде су құбыры желісінде көпқабатты үйлердің жоғарғы қабаттарына суды көтеру үшін қажетті қысым жасалмай, бұл азаматтардың шағымдары мен талаптарын тудырады. Тұрғындар үшін көпқабатты үйлердің аулаларына техникалық қажеттілік үшін жылжымалы су қоймалары орнатылды», — деп түсіндірді аудан әкімі.

Ол Тайынша және басқа да елді мекендерді таза ауыз сумен үздіксіз сумен жабдықтау мәселесін шешу үшін «Нұра топтық су құбыры» РМК «Есіл Су» филиалы «Тайынша ауданының ауылдық елді мекендеріне су құбырлары мен бұрмаларын салу және Булаев топтық су құбырын қайта жаңарту» 4-ші кезектегі жұмыс жобасын әзірлеп жатқанын айтты. Жобада Тайынша қаласында сорғы станциясының жанында 1000 текше метрден екі қосымша резервуар салу көзделген.

«Bio Operations» (Биохим) ЖШС кешеніне келетін болсақ, зауытқа «ТайыншаКоммунСервис» ЖШС су қоймаларынан су берілмейді. 2020 жылы Леонидовка ауылдарында төрт ұңғыма бұрғыланып, терең сорғылар орнатылып, зауытқа су құбыры тартылды. Бұл су көп деңгейлі тазарту мен сүзгілеуден өтіп, өндірістік қажеттіліктерге пайдаланылады», — деді Б.Әлжанов.

Тайыншада 4210 абонент болса, оның 4100-і жеке тұлғалар. Барлығына есептегіштер орнатылған. Жергілікті билік ауыз суды үнемдеп, ұқыпты пайдалану жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz