Азық-түлік құрамы тексерілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында ұлттық сараптама орталығының филиалы өнімдердің құрамында генетикалық түрлендірілген организмдер бар-жоғын тексерді. Зерттелген 87 сынаманың ешқайсысы рұқсат етілген концентрациядан аспаған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сараптама орталығының мәліметінше, азық-түлік өнімдерінде ГТО мөлшері 0,9%-дан аспау керек. ГТО соя және соя өнімдерінде, жүгеріде, картопта, қызанақта, кәдіде, қант және ас қызылшасында, бидай мен оның өнімдерінде, өсімдік майында, сәбізде, күріште, пиязда және басқа да көкөністерде кездеседі. Құрамында ГТО бар барлық өнімдер тиісті түрде таңбалануы керек.

«Гендік модификацияланған өсімдікті алу үшін оның генотипін өзгерту керек, яғни жасуша геномына жаңа ген қосу керек. Гендер — ақуыздарды жасауға арналған нұсқауларды алып жүретін ДНҚ бөлімдері. Бұл ақуыздар өсімдіктің қасиеттеріне әсер етеді. Түсті өзгертуден басқа, генетикалық модификация өсімдікке жаңа сипаттамалар бере алады. Мысалы, белгілі бір ауруға немесе гербицидке төзімділікті арттыру, тағамдық құндылығын арттыру, тамақ қалдықтарын азайту. 1994 жылы гендік түрлендірілген азық-түлікті кең ауқымды өнеркәсіптік өсіру басталды. Алдымен қызанақ, содан кейін соя өсірілді. Содан бері ГМО нарығы он есе өсті», — деп толықтырды филиал.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz