Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Солтүстік Қазақстан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі сатты деген күдікпен 38 жастағы Петропавл тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ол облыс орталығының гараж массивтерінің бірінің аумағында ұсталды. Ер адамнан кристалл тәрізді затпен жабысқақ таспамен оралған 5 «зиплок» полимерлі орама тәркіленді. Ол 7 жерде есірткі жасырып үлгерген. Тәркіленгеннің жалпы салмағы 12,6 граммды құрады. Сараптама көрсеткендей, бұл α-PvP синтетикалық «тұз» деп аталатын психоактивті зат болып шықты.
«Синтетикалық есірткі үшін аса үлкен мөлшер 1 грамнан басталады. Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Күдікті қамауда ұсталуда. Ол бұрын аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Жыл басынан бері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткіні сатқаны үшін 18 күдіктіні қамауға алды. Олардың жартысынан көбі — 25 жасқа дейінгі ер адамдар», — дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының м.а. полиция майоры Руслан Үмбетов.