Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында қураған ағаш қайтадан өртенді. Мұнда өткен аптаның соңында ірі өрт сөндірілді. Бүгін төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары ауданға тағы да аттанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Болжам бойынша, өрт 13 шілдеде болған өрт орнына жақын жерде шыққан. Одан кейін Тұғыржап ауылынан жеті шақырым жерде 40 гектар аумақта құрғақ шөп күйіп, өрт Орлиногорск орман шаруашылығының аумағына өтіп, 2,7 гектар алқаптағы орман тұтанған.
Оқиға орнында 92 адам мен 13 техника жұмыс істеді. Орман шаруашылығы мекемесінің аумағындағы өртті сөндіруге бірнеше сағат қажет болды, ал аудандағы өрт келесі күні толықтай сөндірілді. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, өрт аумағы 450 гектарды құрады.
Өртті сөндіру ауа температурасының 35 градус жоғары болуы және секундына 10-15 метр жылдамдықпен соққан желдің әсерінен қиындаған.