Құтқарушылар шағын футболдан сынға түсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

А.Винокуров спорт сарайында алғаш рет облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының кубогына арналған шағын футболдан жарыс өтіп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Дүбірлі сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 5 облыс құрамасы және Астана қаласының командасы сынға түсіп жатыр. Басты мақсат — құтқарушылар арасында саламатты өмір салтын насихаттау.

Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, сала мамандары осы сайыс арқылы саламатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, бір-бірімен танысуға мүмкіндік алады.

—  Футбол — жылдамдық пен төзімділікті арттырады. Мұндай қасиеттер өрт сөндірушілерге қажет. СҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының кубогы алғаш рет өтіп отыр. Оған 50-ден астам маман қатысып жатыр. Алдағы уақытта осы сайыс жиі өткізіліп тұрады, — дейді СҚО ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Николай Белоусов.

Сайысқа қатысып жатқандардың арасында Бақытжан Кекенов та бар. Ол Ақмола облысының намысын қорғап келіп отыр. Бірінші ойында оның командасы СҚО құрамасына қарсы ойын өткізіп, 5:1 есебімен жеңіске жетті.

— Ойын жақсы болды. Қарсыластарымыздың барлығы жақсы дайындықпен келген, жақсы ойын көрсетті. 5:1 есебімен жеңіске жеттік, енді алда Қарағанды облысы бар, — дейді Бақытжан Кекенов.

Сайыстың ақтық сыны бүгін өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz