Аманғали Бекболатов әлемдік рейтингтің көшін бастады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстікқазақстандық палуан Аманғали Бекболатов кезекті мәрте жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді. Бұл жолы грек-рим күресінің шебері Будапешт төрінде өткен рейтингілік турнирде атой салды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мажарстан астанасында 55 келінің үздігі 5 бірдей қарсыласын тізе бүктірді.

– Бірінші айналымда Америка палуанымен күрестім. Оны 9 да 0 есебімен ұттым. Екінші, үшінші айналымдарда ирандық және қазақстандық палуандарды ұттым. Ал төртінші айналымда Грузия елінің өкілін айқын басымдықпен жеңдім, — дейді халықаралық турнирдің жеңімпазы Аманғали Бекболатов.

Осылайша, Аманғали финалға жолдама алды. Ақтық сында оны Румынияның үкілеген үміті күтіп тұрды. Қарсылас қанша мықты болғанымен қазақтың қайсар ұлына азуы батпады. Ойсырай ұтылды.

– Финалда румын палуанымен кездестім. Европа чемпионы деген атағы бар. Оны 9 да 0 есебімен ұттым. Жеңісті күндерде жүздескенше, — дейді жеңімпаз.

Бұл – ағымдағы жылдағы соңғы әлемдік рейтингтік турнир. Бұған дейінгі екеуінде Аманғали Бекболатов чемпион атанды және қола жүлдеге қол жеткізді. Мұндай жарыстардың қорытындысы бойынша жаһанның үздіктері анықталады. Жыл соңында Бүкіләлемдік күрес қауымдастығы соған сүйене отырып, белді палуандарға ақшалай жүлде табыстайды.

Мажарстан астанасында қазақстандық грек-рим күресінің шеберлері жалпы саны 2 жүлде еншіледі. Қоржынға Аманғалидің алтынынан кейін шымкенттік Мұхаммедәлі Мамырбек қола медаль салды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz