Бес инвестициялық жоба жүзеге асырылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері су үнемдеу технологиясы бойынша жаңадан іске қосылған суармалы жерлерде бес инвестициялық жоба жүзеге асырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметі бойынша, ауыл шаруашылығы дақылдарын суару алаңы 4,7 мың гектарды құрады. Соның ішінде тамшылатып суару 0,5 мың га, жаңбырлатып суару 4,2 мың га.

«Облыс бойынша барлығы 73 жаңбырлату қондырғысы бар. Оның ішінде биыл 20 қондырғы сатып алынды. Заманауи спринклерлерде автоматты жүру және суару сенсорлары бар. Негізгі егілетін дақылдар– 1 мың га, картоп – 1,1 мың га, көкөніс – 0,2 мың га және мал азықтық дақылдар – 2,4 мың га», – деп хабарлады ведомстводан.

Жуырда ғана облыс әкімі Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы құрылымдарының бірі картоп алқаптарын тамшылатып суару әдісін белсенді қолданатын Тайынша ауданында болды.

Биылғы жылы суару алқаптары екі есеге ұлғайып, 5,1 мың гектарға жетеді. Жалпы көлемі 1326 гектар жерге алты суландыру жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.

Суармалы жер көлемін 5 мың гектарға дейін ұлғайту қажеттігі 2021 жылы да талқыланған болатын. Тек қазір ғана нәтижеге қол жеткізе алды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz