Солтүстік Қазақстан облысында сыйымдылығы 7 мың тонна көкөніс сақтайтын қойма іске қосылды. Жоба Қызылжар ауданындағы Архангельское ауылында жүзеге асты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Дархан Әмрин нысанда голландиялық «AgroVent» компаниясының микроклимат параметрлерін автоматты бақылау жүйесі мен беларусьтік «Eznan» компаниясының конвейерлік қондырғылары орнатылғанын айтты.
Көкөніс қоймасын іске қосқан «Елім менің Қызылжар» агроқұрылымы» ЖШС егіс алқабы 1,5 мың гектарды құрайды. Олар картоп, сәбіз, қызылша өсіреді.
–Жобаның бастамашысы егістік суару жүйесін сатып алуға дайын. Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында жетіспейтін инфрақұрылымды қорытындылау мәселесін пысықтап жатырмыз, – деді Д.Әмрин.
«Агрос» сол ауданда 4,5 мың тонналық көкөніс қоймасын салуды жоспарлап отыр. Барлық қажетті жобалық және жер жұмыстары аяқталды. Германияның GAUGELE компаниясының тоңазытқыш, желдеткіш жабдықтары және климаттық бақылау құралдары пайдаланылады.
«Агро- Елецкое» ЖШС-нің Айыртау ауданында 33,4 мың тонналық ірі көкөніс қоймасын салуды жоспарлауда. Жобаның құны 5,5 млрд теңгені құрайды.
Облыста барлығы 57,9 мың тонна көкөністі бір реттік сақтайтын 57 көкөніс қоймасы бар. Оның 19-ы климаттық бақылау жүйесімен қамтамасыз етілген.
Биыл облыста көкөніс дақылдары 6,2 мың гектарға, картоп 34,1 мың гектарға егілді. Көктемде облыс әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік маңызы бар дақылдардың егіс көлемін ұлғайтудағы басты мақсат нарықты өз өндірісінің өнімдерімен қамтамасыз ету екенін атап өтті.