СҚО полиция департаментінің құрамасы шағын футболдан өткен жарыста жеңімпаз атанды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полиция департаментінің құрамасы шағын футболдан өткен жарыста жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысының құқық қорғау органдарының қызметкерлері шағын футбол алаңында дене шынықтыру мен командалық рухты тексерді. Аудандарда іріктеу жарыстары алдын ала өткізіліп, жеңімпаздар облыс орталығында үздіктерді анықтау үшін жиналды. Жарысқа 90-нан астам қызметкер қатысты.
Бұл спортта полицейлер үстем болды. Ең мықты қарсыластар – 6637 әскери бөлімінің құрамасы, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің командасына есе жіберіп, үшінші орынға ие болды. Жарыстың “күмісін” Айыртау ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері екінші жыл қатарынан иеленіп жүр.
“Үздік қақпашы” аталымында СҚО бойынша ҚАЖД өкілі Ержан Ахмадиев кубокпен марапатталды. Үздік шабуылшы кубогын Айыртау ауданынан келген Рахат Қабылқайға бұйырды. Облыстық полиция департаментінің өкілі Нұрбол Кеңгербаев “Үздік ойыншы” атанды.Спортпен шұғылдану тек жақсы физикалық форманы сақтауға ғана емес, сонымен бірге командалық рухты нығайтады. Енді қыркүйек айында самбодан жарыс өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz