Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов (АТР рейтингінде 134-орын) жекелей сында Умагта (Хорватия) өтіп жатқан турнирдің негізгі топтамасына жолдама ала алмады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Іріктеу финалында Скатов аргентиналық Факундо Багниспен (136-орын) кездесіп, оған үш сетте жеңілді — 7:5, 4:6, 2:6. Осылайша, Қазақстанның екінші ракеткасы турнирдегі өнерін мерзімінен бұрын аяқтады. Бұған дейін Тимофей Скатовтың хорват Йерко Бркичті (1940-шы орын) 6:2, 6:2 есебімен ұтқан.
Умагтағы турнирдің жүлде қоры 630 705 еуроны құрайды. Жеңімпаз 85 605 еуро жинап, 250 рейтингтік ұпайға ие болады. Турнирдің қазіргі чемпионы итальяндық теннисші Янник Синнер (8-орын).