ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ 80% ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТҚА КӨШІРІЛДІ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім комитетінің хабарлауынша, қазіргі таңда оқулықтардың 80% цифрлық форматқа көшірілген. Цифрлық нұсқадағы оқулықтар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Цифрлық оқулықтарды әзірлеуге еліміздің 11 баспасы тартылды. Пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу мақсатында педагогтердің оны пайдалануы үшін әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, оқытылды.

«Қазіргі күні еліміздегі бастауыш сынып оқулықтарының 94 пайызы, 5-9 сынып оқулықтарының 81 пайызы, 10-11 сынып оқулықтарының 61 пайызы электронды нұсқаға көшірілген. 2024 жылы пәндерді цифрлық оқулықтармен 100% қамту жоспарланған»,– дейді орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Электрондық оқулықтармен қатар мектептерде қосымша оқу материалы ретінде мультимедиалық контенті бар цифрлық білім беру ресурстары белсенді қолданылады. Қазіргі күні 50 мыңнан аса цифрлық білім беру ресурсы жасалды. 2023 жылдың басынан бастап Цифрлық білім беру ресурстарына 6,7 мың мектеп қосылды. Бұл ресурстарды бүгінде күн сайын 3 миллионға дейін оқушы мен мұғалім қолданып келеді. Цифрлық білім ресурстарында барлық сыныптарды қамтитын 50 мыңнан аса бейнесабақ жарияланған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz