Челябі-Новосібір автожолын жөндеу келер жылы аяқталады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдан Ресейдің Қорған қаласына баратын «Челябі-Новосібір» автожолының құрылысы келер жылы аяқталады. 56 км жөнге келтіруге республикалық қазынадан шамамен 10 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдан Қорған шекарасына дейінгі М-51 «Челябі-Новосібір» республикалық маңызы бар жол учаскесі 2017 жылы қайта жаңартыла бастады. Алайда мердігерлер келісімшартты орындамай, салдарынан сот ұзаққа созылып, жұмыс тек осы жылы ғана қайта жалғасын тапты.

Қазіргі уақытта бұл нысанда жұмысты «ҚазСтройТехник» ЖШС жүзеге асырып жатыр. Мамлюткадан «Жаңа жол» бекетіне дейін қайта жаңартылатын учаскенің жалпы ұзындығы – 56 км. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен шамамен 10 млрд теңге бөлінді, оның 3,5 млрд теңгесі биыл игерілуі тиіс.

«Жұмыс екі жылға шақталған. Ұйымдастырушы – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ. Бүгінгі таңда 14 км жолға жабынның төменгі қабатын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілді, енді 16 км қалды. Қазіргі уақытта негізгі жолдың төсемін салу және айналма жолды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2024 жылы нысан дайын болуы керек. Біз жұмыстың уақтылы жүргізілуін қадағалаймыз», — дейді «AMANAT» партиясы Мамлют аудандық филиалының төрағасы Алтын Сағитова.

Партия мүшелері Солтүстік Қазақстан облысында жолдарды, соның ішінде республикалық маңызы бар жолдарды қайта жаңарту мен жөндеуге мониторинг жүргізеді. 1 наурызда партия төрағасы Ерлан Қошанов республикалық сайлауалды штабтың өңірге сапары барысында осындай тапсырма берген болатын. Мәселен, бүгінде өңірде партиялық бақылау комиссиялары жанынан 15 мониторингтік топ жұмыс істейді.

«Челябі-Новосібір» тасжолынан басқа партиялықтар Ақжар және Уәлиханов аудандары арқылы өтетін «Көкшетау-Омбы» А-13 жолының 182-213 км күрделі жөндеу барысын, Ақмола облысының шекарасынан Саумалкөл ауылына дейінгі «Көкшетау-Рузаевка» Р-11 жолының орташа жөндеу барысын, сондай-ақ Мағжан Жұмабаев ауданында «Челябі-Новосібір» М-51 тасжолының учаскесін бақылайды.

Айта кетсек, облыс бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 1 970 км.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz