ЖЫЛ БАСЫНАН АМАНАТТЫҚТАР 100-ДЕН АСТАМ ТҰРҒЫНҒА КӨМЕКТЕСТІ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«AMANAT» партиясының белсенділері Солтүстік Қазақстан облысының мұқтаж тұрғындарына атаулы көмек көрсетуді жалғастыруда. Партиялықтар мен жастар арасынан еріктілер үй шаруашысына көмектеседі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Әсірасе жалғызбасты зейнеткерлерге басымдық беріледі. Олардың көпшілігіне су тасу қиын, бақшаны арамшөптен тазарта алмайды, отын жару, үйдің ішін, ауласын тазалау қолдарынан келмейді. Азаматтардан түскен өтініштердің көпшілігі «AMANAT» партиясының облыстық және аумақтық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне түседі.

«Біз үй шаруасын өз бетінше атқара алмайтын немесе дәріханаға бара алмайтын зейнеткерлерден қоңыраулар қабылдаймыз. Ардагерлер кеңесі де ақпарат береді. Мәселені шешу үшін жергілікті депутаттармен байланысамыз. «Жастар рухы»-ның мүшелері ерекше белсенді, олар бақшада жұмыс істеуге, шөп шабуға немесе зейнеткерлердің пәтерлерін тазалауға, қыста қарды тазартуға көмектеседі», — деді «AMANAT» партиясының СҚОФ қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Гүлфира Рамазанова.

Жас еріктілер  жалғызбасты зейнеткерлерге  қамқорлық жасап, олармен достық қарым-қатынас сақтайды. Жастар қанатының мүшелері кейбір мұқтаждар туралы кездейсоқ біледі. Мысалы – Петропавл қаласының жалғыз тұрғыны Самал Ахметоваға: «Жастар Рухы» белсенділерінің бірі әжесінің көршісі көмекке мұқтаж екенін айтты.

«Әйел жалғыз тұрады, оған күтім жасау керек, бақшасы бар.  Зейнеткер өзі көмек сұрамады, бірақ біз бастама көтердік, оған  көмектесуді шештік. Самал Серікқызы, әрине, таң қалды. Бірінші рет біз бақшасын арамшөптерден тазарттық, үй шаруашылығына көмектестік. Әжей қамқорлыққа алынды, енді біз оған үнемі барамыз», — деп атап өтті «Жастар Рухы» ЖҚ аймақтық филиалының төрағасы Біржан Құдайбергенов.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аманаттықтар «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында 100-ден астам азаматқа атаулы көмек көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz