Солтүстік Қазақстан облысында Уәлиханов және Аққайың аудандарына жаңа прокурорлар тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кету керек, бұған дейін Айыртау, Тимирязев, Аққайың және Ғ.Мүсірепов атындағы аудандардың прокурорлары ауысқан болатын.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, бұған дейін Айыртау облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарған әділет кеңесшісі Еркеш Оспанов Уәлиханов ауданының прокуроры болды.
Оспанов Еркеш Думанұлы өзінің еңбек қызметін 2007 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастады.
Аққайың ауданы прокурорының аға көмекшісі, Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қылмыстық процесс заңдылығын тергеп-тексерудегі қадағалау Басқармасының аға прокуроры болып жұмыс істеді.
Әділет кеңесшісі Асқар Кәкімов Аққайың ауданының прокуроры болып тағайындалды.
Ол өзінің еңбек қызметін 2007 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы прокуроры көмекшісінің міндетін атқарушы лауазымынан бастады.
Әр жылдары М.Жұмабаев атындағы, Ғ.Мүсрепов атындағы, Қызылжар және Шал ақын аудандары прокурорының көмекшісі, тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау Басқармасының прокуроры, аға прокуроры, Петропавл қаласы прокуратурасының қылмыстық қудалау бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
2021 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы прокурорының орынбасары лауазымын атқарды.